Мохбер: Ормуз бұғазы үшін жаңа тәртіп анықтаймыз
https://itolqyn.com/news/iran-i83244-Мохбер_Ормуз_бұғазы_үшін_жаңа_тәртіп_анықтаймыз
ParsToday – Ислам революциясы жетекшісінің кеңесшісі мен көмекшісі: «Ормуз бұғазының стратегиялық жағдайын пайдаланып, жауға санкция салып, олардың кемелерінің осы су жолы арқылы өтуіне рұқсат бермейміз»,- деді.
(last modified 2026-03-19T11:15:11+00:00 )
Нау 19, 2026 15:43 Asia/Almaty
  • Мохбер: Ормуз бұғазы үшін жаңа тәртіп анықтаймыз

ParsToday – Ислам революциясы жетекшісінің кеңесшісі мен көмекшісі: «Ормуз бұғазының стратегиялық жағдайын пайдаланып, жауға санкция салып, олардың кемелерінің осы су жолы арқылы өтуіне рұқсат бермейміз»,- деді.

ParsToday-дің Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Мұхаммад Мохбер – Ислам революциясы жетекшісінің кеңесшісі мен көмекшісі: «Рамазан соғысының аяқталуымен жау мен үстемдік жүйесі Иранға қайта шабуыл жасау туралы ойдан бас тартады, ел ұзақ жылдар бойы сақтандырылады және қорғалады; өйткені супердержавалармен соғысқан және олардың ешбір мақсатына жетпеген елге енді оңайша шабуыл немесе қысым жасалмайды», – деді.

Мохбер осы жағдайдан туындаған маңызды мүмкіндіктердің бірі – Иранның Ормуз бұғазындағы орнын қайта анықтау мүмкіндігі деп санап: «Бүгінге дейін Батыс пен үстемдік жүйесі бізге санкция  енгізді және шектеді; бірақ соңғы соғыс аяқталғаннан кейін Ормуз бұғазы үшін жаңа тәртіп анықтау арқылы Иран санкцияланушы позициядан аймақта және әлемде күшті орынға көтеріледі және Ормуз бұғазының стратегиялық орнын пайдаланып, оларға санкция енгізіп, олардың кемелерінің осы су жолы арқылы өтуіне рұқсат бермейміз; сондықтан осы соғыстың нәтижелерінің бірі – Ормуз бұғазы үшін жаңа тәртәп анықтау болуы керек», – деді.