Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері Сауд әулеті режимін Мекке мен Мединені басқаруға лайық емес деп атады.
Теһран жұма намазының құтпагері аятолла сейіт Ахмад Хатами ирандықтардың биылғы қажылық сапарына кедергі жасап отырған Сауд әулеті режимін сынап: «Мекке мен Медине ислам елдері делегациясы тарапынан басқарылуы тиіс»,-деді.
Аятолла Хатами Сауд әулеті режимі басшыларының Иран халқының қажылыққа бару құқығына қырсықтық танытып отырғандығына тоқталып: «Мекке мен Мединені басқаратын адамдар үстемшілдер мен сионистердің мақсаттары аясында әрекет етпеуі тиіс»,-деді.
Аятолла Хатами, сондай-ақ, АҚШ-тың өзімен қатынас жайлы кеңістік тудыру арқылы Иранға ықпал ету, шешім қабылдайтын орталықтарға ену, қоғамды екіге бөлу, исламдық жүйедегі билік құралдарын бұзу сияқты қастандықтарына тоқталып: «Осындай қастандықтарға төтеп берудің жалғыз жолы – үстемшілдерге қарсы табандылық таныту»,-деді.
Теһран жұма намазының уақытша құтпагері дұшпандардың Иранға қарсы жұмсақ соғысы жайлы ескертіп: «Дұшпандар, әсіресе әлемдік үстемшілдер 8 жылдық таңылған соғыс, санкциялар мен жарнамалар арқылы қол жеткізе алмаған мақсаттарына жұмсақ соғыста қол жеткізуді қалайды»,-деп мәлімдеді.