Генерал-лейтенант Абдоллахи: Біз босқа ұран айтпаймыз, айтқанымызды іске асырамыз
ParsToday- Хатам әл-Анбия (с.ғ.с.) орталық штабының қолбасшысы: «Біз босқа ұран айтпаймыз, айтқанымызды іске асырамыз және мұны іс жүзінде дәлелдеп көрсеттік»,- деді.
ParsToday-дің хабарлауынша, Хатам әл-Анбия (с.ғ.с.) орталық штабының қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Әли Абдоллахи: « Біз босқа ұран айтпаймыз, айтқанымызды іске асырамыз және мұны іс жүзінде дәлелдеп көрсеттік, алдағы уақытта да солай болады»,- деп баса айтты.
Генерал-лейтенант Абдоллахи Иран Ислам Республикасы Қарулы күштерінің соңғы жетістіктеріне сілтеме жасап, осы күштердің Иранның ұзақ мерзімді мақсаттарын жүзеге асыру жолында жалғастыруға шешімді ниетін растады.
Хатам әл-Анбия (с.ғ.с.) орталық штабының қолбасшысы сонымен қатар Иран Қарулы Күштерінің елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтаудағы басты рөліне тоқталып, олардың әрқандай қауіп-қатерге қарсы елдің тұтастығы мен ұлттық мүдделерін қорғауға әрқашан дайын екенін ескертті.