Генерал-лейтенант Абдоллахи: Жаңа қарулармен жаудың есептерін бұзамыз  
https://itolqyn.com/news/iran-i83308-Генерал_лейтенант_Абдоллахи_Жаңа_қарулармен_жаудың_есептерін_бұзамыз
ParsToday-   «Хатам әл-Анбия (с.ғ.)» орталық штабының  қолбасшысы: Иранның Қарулы күштері мен жас ғалымдары шайқас даласында жаудың есептерін толық бұзып тастайтын озық қарулар жасап шығарды.
(last modified 2026-03-22T15:38:18+00:00 )
Нау 22, 2026 20:06 Asia/Almaty
  • Генерал-лейтенант Абдоллахи: Жаңа қарулармен жаудың есептерін бұзамыз  

ParsToday-   «Хатам әл-Анбия (с.ғ.)» орталық штабының  қолбасшысы: Иранның Қарулы күштері мен жас ғалымдары шайқас даласында жаудың есептерін толық бұзып тастайтын озық қарулар жасап шығарды.

ParsToday-дің хабарлауынша, генерал-лейтенант ұшқыш Әли Абдоллахи ИИР Хазірет Хатам-әл-Анбия(с) орталық штабының қолбасшысы: «Бұрын айтқанымыздай, Қарулы күштердің исламдық Иранды қорғау доктринасы қорғаныстан шабуылға ауысты, осындай доктринаға сәйкес шайқас даласының тактикасын өзгерттік»,- деп мәлімдеді.

Генерал-лейтенант Абдоллахи деп баса айтты: «Иран Қарулы күштері жігерлі, жихадшы жас ғалымдардың әлеуетін пайдаланып, озық жабдықтар мен қаруларды өндірді және өндіріп жатыр, оларды пайдаланып жаудың есептерін толық бұзамыз, исламдық Иранның қылмыскер жаулары соғыс даласында оның бір бөліктерін сезінді және бұл процесс жалғасып, шайқас даласында жаңа таңғалдыратын нәрселер жасаймыз».

Ол былай деп жалғастырды: «Қуатты Иран және Қарулы күштер ерекше, батыл, ақылды және төзімді халықтың қолдауымен жау агрессиясы басталғаннан бастап өзінің үстемдігі мен даланы ұстап тұрғанын жауларына ең жақсы түрде көрсетті. Иранның батыл халқы және мақтанышты Қарулы күштерінің ұлттық бірлігі мен тарихи біртұтастығы Ислам революциясының жаңадан сайланған жетекшісіне толық бағынуымен алда көбірек жеңістердің хабарын береді.