Иранның денсаулық сақтау халықаралық ұйымдарынан АҚШ пен сионистік режимді шығару туралы талабы
https://itolqyn.com/news/iran-i83342-Иранның_денсаулық_сақтау_халықаралық_ұйымдарынан_АҚШ_пен_сионистік_режимді_шығару_туралы_талабы
ParsToday - ИИР Дәрігерлер ұйымының бас директоры Америка мен сионистік режимінің Иранның оңтүстігіндегі Андимешктегі Имам Әли (ғ.с.) ауруханасына шабуылынан кейін агрессорларды денсаулық сақтау халықаралық ұйымдарынан шығаруды талап етті.
(last modified 2026-03-24T10:55:34+00:00 )
Нау 24, 2026 15:52 Asia/Almaty
  • Иранның денсаулық сақтау халықаралық ұйымдарынан АҚШ пен сионистік режимді шығару туралы талабы

ParsToday - ИИР Дәрігерлер ұйымының бас директоры Америка мен сионистік режимінің Иранның оңтүстігіндегі Андимешктегі Имам Әли (ғ.с.) ауруханасына шабуылынан кейін агрессорларды денсаулық сақтау халықаралық ұйымдарынан шығаруды талап етті.

ParsToday хабарлары бойынша, ИИР Дәрігерлер ұйымының бас директоры Мұхаммад Раисзаде денсаулық сақтау халықаралық ұйымдарының жоғары лауазымды тұлғаларына ашық хат жолдап, Ирандағы емдеу орталықтарына соңғы шабуылдарды айыптады және айыптаумен шектелмей нақты әрекеттер жасауды талап етті.

Бұл хат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (WHO) Бас хатшысы Тедрос Адханомға, Дүниежүзілік дәрігерлер ассоциациясының (WMA) Бас хатшысы дәрігер Отмар Клоидерге және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің төрағасы Мариана Сполиаричке жолданды.

Раисзаде бұл хатта Америка үкіметі мен сионист режимінің соғыс қылмыстары жалғасатынын айтып, Андимешктегі Имам Әли (ғ.с.) ауруханасы заңсыз шабуылға ұшырап, қызмет көрсетуін тоқтатқанын мәлімдеді.

Ол өкінулерден тыс, осы ұйымдардың адамгершілік және тарихи міндеттерін орындауларын күтетінін баса айтып: «Осы екі режимді денсаулық сақтау халықаралық ұйымдарынан шығаруды және келтірілген зияндарды өтеуді қатаң қудалауды талап еттік»,- деп нақтылады.

Раисзаде хаттың басқа бөлігінде былай деп ескерту жасады: «Бұл қылмыстарға үнсіз қалып, сіздер мен дүниенің басқа халықтары болашақта олардың жасаған адамгершілікке қарсы әрекеттерінің және орман заңының құрбаны боласыздар».