Андимешктегі Имам Әли (ғ.с.) ауруханасына сионист-американдық шабуылдардың шығындарын бағалау
Pars Today - Андимешктегі Имам Әли (ғ.с.) ауруханасына америкалық-сионистік шабуылынан кейін Ахваз медицина ғылымдары университетінің емдеу орынбасарының сарапшылар тобы шығындарды бағалау және қалпына келтіру жоспарын іске асыру үшін аттанды.
ParsToday-дің хабарлауынша, Ахваз медицина ғылымдары университетінің емдеу орынбасарының медициналық жабдықтар жауаптысы дәрігер Камали Иранның оңтүстігіндегі Андимешктегі Имам Әли (ғ.с.) ауруханасына келтірілген зиянның көлеміне өкініш білдіріп, осы оқиғадан кейін аурухананың маңызды бөлімдерінде, соның ішінде шұғыл жәрдем, стационар бөлімшелері, диализ, таласемия, физиотерапия, зертхана, суретке түсіру, ерекше бөлім ва жабдықтар қоймалары мен басқа бөлімшелердегі көптеген медициналық құрылғылар мен жабдықтар ауыр зақым алғанын, олардың көпшілігінің күнделікті науқастарға қызмет көрсету үшін негізгі рөл атқаратынын және олардың істен шығуы емдеу процесінде айтарлықтай қысым тудыратынын айтты.
Ол зардаптардың ауқымына тоқталып, алғашқы бағалаулар бойынша аурухананың жабдықтары мен инфрақұрылымдарына келтірілген материалдық зиян 180 миллиард туманнан асады деп, бұл шығын медициналық жабдықтардың әртүрлілігі мен құны ескерілгенде өте маңызды соманы құрайтынын сондай-ақ жабдықтарды жөндну және алмастыру үшін дереу жоспарлауды қажет ететінін қосты.
Сонымен қатар, ИИР Дәрігерлер ұйымының бас директоры Мұхаммад Раисзаде денсаулық сақтау халықаралық ұйымдарының жоғары лауазымды тұлғаларына ашық хат жолдап, Ирандағы емдеу орталықтарына соңғы шабуылдарды айыптады және айыптау мәлімдемелерінен тыс нақты әрекеттер жасауды талап етті.
Раисзаде хаттың басқа бөлігінде ескерту жасады: «Бұл қылмыстарға үнсіз қалып, сіздер мен дүниенің басқа халқы да болашақта олардың жасаған адамгершілікке қарсы әрекеттерінің мен орман заңының құрбаны боласыздар».