Пезешкиан: Инфрақұрылымдарға жасалған шабуыл үшін қатты жауап береміз  
https://itolqyn.com/news/iran-i83440-Пезешкиан_Инфрақұрылымдарға_жасалған_шабуыл_үшін_қатты_жауап_береміз
ParsToday- Иран Президенті сионистік режимінің Иран инфрақұрылымдарына жасалған шабуылына X әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жауап берді.
(last modified 2026-03-28T14:33:13+00:00 )
Нау 28, 2026 19:25 Asia/Almaty
  • Пезешкиан: Инфрақұрылымдарға жасалған шабуыл үшін қатты жауап береміз  

ParsToday- Иран Президенті сионистік режимінің Иран инфрақұрылымдарына жасалған шабуылына X әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жауап берді.

ParsToday-дің хабарлауынша, Иран Президенті Масуд Пезешкиан сенбі күні X әлеуметтік желісінде жариялаған хабарламасында: «Біз Иран алдын ала шабуылдар жасамайтынымызды бірнеше рет айттық, бірақ инфрақұрылымдар мен экономикалық орталықтарға қарсы жаудың қылмыскерлік шабуылына  қатты жауап береміз»,- деп баса айтты.

Ол былай деп жалғастырды: «Аймақ елдеріне, егер сіздер даму мен қауіпсіздікті қаласаңыздар, біздің жауларымызға елдеріңізден соғысты басқаруына рұқсат бермеңіздер».

АҚШ Президенті Дональд Трамп 21 наурызды, сенбі күні әлеуметтік желілерде жариялаған және кейбір АҚШ сенаторлары оны соғысты бақылаудан айырылған деп бағалаған хабарламасында: «Егер Иран 48 сағат ішінде Ормуз бұғазын толық ашпаса, АҚШ Иранның әртүрлі электр станцияларына шабуыл жасап, оларды жояды»,- деп жазды.

АҚШ Президентінің артық сөздері Иран Қарулы күштері, президенті Пезешкиан және Иран Ислам Кеңес Парламенті төрағасының реакциясына тап болды.