Лариджани: Мәжіліс халықтың құқығын қорғаудың негізгі бекінісі
(last modified Mon, 30 May 2016 03:00:56 GMT )
Maм 30, 2016 09:00 Asia/Almaty
  • Лариджани: Мәжіліс халықтың құқығын қорғаудың негізгі бекінісі

Иран ислам кеңесі мәжілісінің оныншы шақырылымының уақытша төрағасы мәжілісті халықтың құқығын қорғаудың негізгі бекінісі деп атады.

ИРНА-ның хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің оныншы шақырылымының уақытша төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні мәжілісте жасаған баяндамасында: «Аймақтағы текетіріске толы жағдайда мәжіліс халықтың құқығын қорғауы керек. Екінші жағынан экономикалық шиеленісті қиыншылықтарды ғылыми әрі кәсіби түрде шешуі керек» деді.

Лариджани сондай- ақ Иран халқына сайлауға қатысуы және өз талпыныстарымен халықтың құқығын қорғаудың негізгі бекінісі болып табылатын осындай мәжіліс құрғаны үшін алғыс айтты.

Иран ислам кеңесі мәжілісінің уақытша төрағасы оныншы мәжілістің құтқарушы боларына үміт білдірді.

Осы мәлімет бойынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің жексенбі күнгі ашық отырысында Әли Лариджани уақытша төраға болып сайланды. Халық қалаулыларының үштен екісінің сенімхаты қарастырылған соң, оныншы мәжілістің тұрақты төрағасы бір жылға сайланатын болады.