Иран аймақтағы елдерге кеңесші ретінде көмектерін кесімді түрде жалғастыруда
(last modified Mon, 30 May 2016 15:16:39 GMT )
Maм 30, 2016 21:16 Asia/Almaty
  • Иран аймақтағы елдерге кеңесші ретінде көмектерін кесімді түрде жалғастыруда

Иран Сыртқы істер министрінің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары Ислам республикасының аймақта лаңкестікпен шынайы күрестегі кеңесші ретіндегі көмектерін кесімді түрде жалғастыратынын мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Хосейн Амир Абдоллаһиян бүгін дүйсенбі күні ИРНА- ға берген сұхбатында ДАИШ лаңкестік тобына қарсы Ирактың Фаллуджа қаласындағы маңызды іс- қимылдарға сілтеме жасап: «Иран ислам республикасы аймақ пен әлемдегі барлық елдердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін лаңкестікпен күреске жасап жатқан көмектерін маңызды санайды.

Егер Иранның көмегі және лаңкестікпен күресте Ирак пен Сирия армиясы мен халықтық күштерінің әсерлі шаралары болмағанда, қазір Батыс Азия аймағында ешбір қауіпсіз аймақ қалмас еді» деп мәлімдеді.

Амир Абдоллаһиян лаңкестікпен күрестегі әлемдік шынайы талапты аймақты лаңкестерден аластатудың жалғыз жолы деп атап: «Өкінішке орай, лаңкестердің үкіметтік және үкіметтік емес демеушілері мен лаңкестікті құрал ретінде қолданушы тараптар аймақ пен әлемнің қауіпсіздігіне қауіп төндірумен қоса өздері де қатты зардап шегуде» деді.

Лаңкестерді демеуші кейбір елдер соңғы күндері Иранның Сирия мен Ирактағы лаңкестермен күрес мәселесінде осы елдердің ресми өтініші бойынша кеңесші ретінде көрсетіп отырған көмектерін сынады.