Рухани: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен сайлау – Иран халқының ерік-жігерінің нәтижесі
Иран Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен елде сайлаудың өткізілуін Иран халқының ерік-жігерінің нәтижесі деп атады.
Иран Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Иранның солтүстік-батысындағы Батыс-Әзірбайжан облысының дамуы мен инвестициясы туралы отырыста «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен елде сайлаудың өткізілуін Иран халқының ерік-жігерінің нәтижесі екендігіне тоқталып: «ИИР ешқашан уәдесін бұзған емес. Қарсы тарап берік болған жағдайда өзі қол қойған келісімшарттарды берік ұстанып келді. Иранның барлық экономикалық қиындықтары «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін 100 пайызға шешілген жоқ, алайда оны қабылдағаннан кейінгі 4 айдың ішінде Иранда жақсы қозғалыстар басталды»,-деді.
Иран Президенті сөзінің жалғасында көршілес елдермен тату қарым-қатынас, сүт және егіс өнімдері мен азық-түлікті экспорттауға қажетті жағдай жасауды Иранның қолайлы шарттарының бірі деп атап: «Үкімет бүгінде көршілес елдердің көбімен Иран ішінде ортақ инвестиция салу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр»,-деді.