Велаяти: Әлем елдері Ирандағы сайлау үдерісін қадағалап отыр
https://itolqyn.com/news/iran-i868
ИИР-ның Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы: «Әлем мен Батыс елдері Иранда өтетін екі сайлаудың үдерісіне назар аударып отыр,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 16, 2016 14:29 Asia/Almaty
  • Велаяти: Әлем елдері Ирандағы сайлау үдерісін қадағалап отыр

ИИР-ның Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы: «Әлем мен Батыс елдері Иранда өтетін екі сайлаудың үдерісіне назар аударып отыр,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР-ның Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Әлиакбар Велаяти дүйсенбі күні Теһранда "Иранның ежелгі және қазіргі заман тарихы туралы кітаптар мен ислам, Иран мәдениеті мен өркениеті" атты энциклопедияның тұсаукесер рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Әлем Иранда өтетін екі сайлаудың үдерісіне назар аударып отыр. Олар Иранда не болып жатқанын білгісі келеді. Өйткені Иран – аймақ пен ислам әлеміндегі озық мемлекет»,-деді.

Велаяти Иран халқының сайлау учаскелеріне кең ауқымды түрде келуін сайлаудағы ең маңызды тақырып деп атап: «Ауызбіршілік – сәттіліктің кілті»,-деп қуаттады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіне сайлаудың оныншы кезеңі Эксперттер кеңесіне сайлаудың бесінші кезеңімен бір мезгілде 2016 жылдың ақпан айының жиырма алтысы күні өтеді. Бұл кезеңде 54 млн 915 мың 24 адам дауыс беру құқығына ие.