14 хордад рәсіміне миллиондаған ирандық пен шетелдік зияратшы қатысады
ИИР Ішкі істер министрінің орынбасары 14 хордад рәсіміне 1 млн 750 мың ирандық пен шетелдік зияратшының қатысатынын хабарлады.
ИИР Ішкі істер министрінің орынбасары Исмаил Наджар Иран Ислам республикасының негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің (р) жылдығына арналған салтанатты рәсімнің бағдарламасын баяндап: «Биылғы 14 хордад рәсімі 1 млн 300 мың ирандық зияратшы мен 450 шетелдік зияратшының қатысуымен өтеді. Халықтың жыл сайын хазірет имам Хомейнидің (р) жылдығына арналған рәсімге жаппай қатысуы Иран Ислам Республикасының негізін қалаушының жолы мен армандарының ешқашан ұмытылмайтынын және олардың маңыздылығының ешбір төмендемейтінін көрсетеді. Ертең, жұма 14 хордад – Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің (р) қайтыс болған күні»,-деді.