Иран Ислам революциясы – 20 ғасырдың ұлы оқиғасы
(last modified Thu, 02 Jun 2016 09:26:45 GMT )
Маусым 02, 2016 15:26 Asia/Almaty
  • Иран Ислам революциясы – 20 ғасырдың ұлы оқиғасы

БҰҰ-ның Палестинадағы адам құқығы жөніндегі бұрынғы арнайы өкілі Иран Ислам революциясын 20 ғасырдағы ұлы әрі теңдессіз оқиға деп атады.

Принстон университетінің халықаралық құқық пәнінің ұстазы әрі БҰҰ-ның Палестинадағы адам құқығы жөніндегі бұрынғы арнайы өкілі Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің (р) қайтыс болғанына 27 жыл толу қарсаңында: «Бұл кісі әрдайым әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандарды біріктіруді көздеді. Өйткені бұл мәселе ислам қоғамының зұлымдыққа ұшырап отырған айтарлықтай бөлігінің өмір сүру жағдайын әлемдік қауымдастыққа айқынырақ көрсететін еді.

Иран Ислам революциясы 20 ғасырдың аяғында орын алып, ислам әлемінің оянуына түрткі болған ұлы оқиға болды»,-деді.

БҰҰ-ның Палестинадағы адам құқығы жөніндегі бұрынғы арнайы өкілінің айтуынша, бұл революция жемқорлыққа шырмалған қазіргі диктаторлық үкіметтерге де, азат өмір сүруді қалаған халықтарға жігер беруде де әсерлі болды.

Тегтер