Имам Хомейнидің дүниеден озған күнінің жылдығы рәсімі Ислам революциясының жетекшісінің қатысуымен өтті
(last modified Fri, 03 Jun 2016 10:44:08 GMT )
Маусым 03, 2016 16:44 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің дүниеден озған күнінің жылдығы рәсімі Ислам революциясының жетекшісінің қатысуымен өтті

Имам Хомейнидің дүниеден озған күнінің 27-ші жылдығының рәсімі Ислам революциясының жетекшісінің қатысуымен өтті.

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сол рәсімде: «Имам Хомейни мүмін, тақуа, революцияшыл адам болды. Дұшпандар имам Хомейнидің революцияшылдығына наразы болатын.

Қазіргі кезде дұшпанның Иран халқына көрсетіп отырған қысымдары мен санкциялары Иран халқының революцияшылдығына қатысты, ал ядролық мәселе, адамзат құқығы және басқа проблемалар тек сылтау ғана. Иран АҚШ-тың билігінің қабылдаған кезде имам Хомейни Иран халқын тәуелділік, артта қалу, саяси және ахлақи бұзақылық пен халықаралық қорлықтан құтқарып, Иран халқының бағытын үлкен мақсаттарға қарай өзгертті. Иран халқының үлкен мақсаттарын Алла дінінің билігі мен қоғамдық әділет орнату, кедейшіліктің тамырын құру, исламық құндылықтарды жандандыру және ұлттық болмыс пен елдің дамуын қамтамасыз ету құрайды. Революцияшыл және жиһадтық әр ісімізде табысқа жеттік. Өз мүддемізден шегінген кезде артта қалдық. Сондықтан Иран халқы әрқашан революцияшыл болып қалуы керек»,- деп қуаттады.

Аятолла Хаменеи революцияның негізгі құндылықтарына табандылық таныту, революцияның мақсаттарына жетуді көздеу, елдің тәуелсіздігіне табанды болу, дұшпанның алдында қырағы болып, оның соңынан ермеу мен діни және саяси тақуалықты революцияшыл факторлар деп атап: «Осы факторларға ие әрбір адам революцияшыл»,- деп қосты. Ол дұшпанды тану және оған қырағылық танытуға қатысты: «АҚШ – Иран халқының дұшпаны. Билеп-төстеуші жүйелердің болмысы Палестина халқы сынды жәбір көрген халықтарға қысым көрсету және Йемен халқына қарсы шабуыл жасаушыларға көмектесуді көздейді. Исламдық жүйе билеп-төстеушілердің қылмыстарына қатысты үнсіздік таныта алмайды. АҚШ сенім артатындай мемлекет емес. АҚШ-қа сенім артқан әр адам салдарын тартады»,- деді.

Тегтер