Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері: «Иран Ислам республикасының негізін қалаушы исламның бейнесін АҚШ-тың шаң-тозаңы мен қатқан күйден тазартып, дінді саясаттан бөлу туралы қатерлі айыпты әшкереледі»,-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Казем Седдиқи Иран Ислам республикасының негізін қалаушының қайтыс болған күнінің жылдығына байланысты көңіл айтып: «Хазірет имам Хомейни (р) жаңашыл әрі тарих тудырушы діни заңгер болды.
Имам Хомейнидің (р) басты ерекшеліктерінің бірі – оның хакім болуы. Рационализм ғиззат пен құрметке ие әрі жемқорлықпен күресетін беделді, тәуелсіз исламды қайта жандандырған оның айшықты ерекшеліктерінің бірі болды»,-деді.
Седдиқи, сондай-ақ, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің оныншы кезеңінің ашылғанын еске салып: «Мәжілістің жаңа өкілдері берген анттары бойынша революция мен «велаят-е факиһ» – исламдық басқарудың жетістіктерін сақтауы тиіс»,-деді.