Рухани: Көршілермен тату және жақын байланыста болу - Иранның принципті саясаты
ИИР президенті көршілермен тату және жақын байланыста болуды Иран Ислам Республикасының принципті саясаты деп атады.
Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Түркиядағы Иранның жаңа елшісі Мұхаммад Ибрахим Тахериянды қабылдауында Теһран мен Анкара арасындағы ынтымақтастық пен байланысты экономика, мәдениет және туризм салаларында күшейту керектігін айтып: «Теһранның көршілермен тату және жақын байланысты кеңейтуге негізделген принципті саясаты шеңберінде Түркия мен Иранның қарым- қатынастарын күшейту маңызды» деді.
Иранның Атқарушы билігінің төрағасы аймақтағы қиыншылықтарды шешіп, қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау үшін ұжымдық ынтымақтастық рухын күшейтудің қажеттілігін баяндай келе: «Иран Ислам Республикасы аймақтық мәселелерде аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, күшейту мақсатында кеңесулерді жалғастырады» деді.