Ислам Кеңесі Мәжілісінің революциялық әрекет жасауы қажеттігі туралы діни жетекшінің көзқарасы
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи АҚШ басқарған дұшпандардың қоқан-лоққыларының жалғасып жатқанын қуаттап, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің 10-шы шақырылымының депутаттарынан революциялық әрекет жасауды талап етті.
Ислам революциясының жетекшісі жексенбі күні Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің 10-шы шақырылымының төрағасы және депутаттарымен кездесуінде Мәжілістің ішкі, аймақтық және әлемдік салалардағы басты жұмыстарын анықтап: «Ислам Кеңесінің Мәжілісі АҚШ-тың өшпенді және қаскүнем тұрғыларына реакция көрсетіп, үстемшілердің саясатына қарсы тұруы керек» деді.
Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық саясатын жалғастыруына қатысты Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттарына революцияшыл рухты сақтап, революциялық әрекет жасауға кеңес берді. Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттары халықтың дауысы арқылы сайланады. Сондықтан депутаттар дер уақытында және сындарлы ұстаным көрсетіп, ішкі және сыртқы салалардағы елдің мәселелерін шешуге міндеті. Ислам революциясы жеңіске жеткен соң үстемшіл жүйенің Иранға қарсы дұшпандығы басталып, осы кезге дейін жалғасуда. Осындай
жағдайда Мәжіліс халықтық және заң шығарушы орган ретінде халық пен мемлекеттің мүдделерін қорғау саласында маңызды рөл атқарады.
Ислам Кеңесі Мәжілісі депутаттарының Ислам революциясына қарсы саяси ағымдардың әрекеттеріне нақты ұстаным көрсетуі революцияның маңызды сахналарына қатысып, жүйенің негіздерін нығайтқан Иранның революцияшыл халқының талабы болып табылады.
АҚШ үкіметінің дұшпандық әрекеттеріне қарамастан Иран халқының рухы мен хабардарлығына және зорлық-зомбылық көрсететіндерге қарсы табандылығының арқасында Иран Ислам революциясы 37 жылдан кейін де айбындылығынан айрылған жоқ. Ислам Кеңесі Мәжілісі де АҚШ үкіметінің қастандықтарына қарсы табандылық білдіруге міндетті. Ислам революциясы жетекшісінің айтуы бойынша, дұшпан саяси айдындағы елдің әрекеті негізінде жоспар құрады. Егер қарсы тарапты қол қусырып қарап отырып, кері шегінеді деп сезсе, артық талап қойып, көптен дәмеленеді. Ислам Кеңесінің Мәжілісі – халықтың тілі. Сондықтан бұл трибунадан айтылған әрбір ұстаным ИИР-ның мүдделерімен тікелей байланысты.
АҚШ-тың ядролық келісімге дейінгі және одан кейінгі қарым-қатынасы өзгерген жоқ. АҚШ үкіметі, Конгресі және алдағы президенттік сайлауының үміткерлері Иранға қарсы қоқан-лоққыларын тоқтатпады. Осы мәселеге байланысты Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттары Ислам революциясының тағылымдары бойынша АҚШ-тың қастандықтарына үнсіздік танытпауы керек.
Ислам Кеңесі Мәжілісі елдің істерін басқарып, үкіметтің экономикалық, мәдени және саяси істеріне қатысады. Егер Мәжіліс заң шығарушы және бекітетін орган ретінде революциялық әрекет жасайтын болса, Иранды дұшпанның ықтималды соққыларынан қорғайтын болады.