«Global Firepower»: Орталық Азияда Өзбекстан ең мықты, Түркіменстан ең осал армияға ие
«Global Firepower» халықаралық кеңсесінің жаңа сауалнамасының қорытындысы бойынша, Орталық Азия елдері арасында Өзбекстан ең мықты, ал Түркіменстан ең осал армияға ие.
«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, түрлі елдердің армиялары мен әскери күштерін топтастыру негізінде сауалнама жүргізетін «Global Firepower» халықаралық кеңсесі әлемдегі ең мықты армияларды топтастырған жаңа тізімді жариялады.
Осы тораптың мәліметі бойынша, Орталық Азиядағы ең күшті армия Өзбекстанға тиесілі. Өзбекстан 420 танк, 715 сауытты көлік, 69 соғыс ұшағы және 89 тікұшақпен 54- ші орында тұр.
Тәжікстан 81-ші орында. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, Тәжікстан 37 танк, 46 сауытты көлік, 25 әскери ұшақ, 4 жаттығу ұшағы, 20 тікұшақ және 6 жауынгерлік тікұшаққа ие. Осы мәлімет бойынша Тәжікстанның әскери бюджеті 75 миллион долларды құрап отыр.
Жарияланған рейтинг бойынша Қазақстан 66- шы, Қырғызстан 78- ші, Түркіменстан 90- шы, 102- ші орынға жайғасқан.
АҚШ, Ресей және Қытай осы сауалнамада біріншіден үшінші орында тұрса, ең соңғы орын Сомалиге тиесілі.