Иранның Қорғаныс министрі лаңкестікке шынайы және жан- жақты түрде тосқауыл қоюды қуаттады
(last modified Fri, 10 Jun 2016 11:20:45 GMT )
Маусым 10, 2016 17:20 Asia/Almaty
  • Иранның Қорғаныс министрі лаңкестікке шынайы және жан- жақты түрде тосқауыл қоюды қуаттады

Иранның Қорғаныс министрі: "ИИР аймақ тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің тірегі ретінде аймақ және әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату мақсатында лаңкестік ағымдарға шынайы және жан- жақты түрде тосқауыл қоюды өзінің адамгершілік міндеті деп санайды" деді.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы сардар Хосейн Деһқан Теһранда Иран, Ресей және Сирия Қорғаныс министрлерінің үш жақты отырысының басталуында АҚШ, Израиль және лаңкестіктің кейбір өзге демеушілерінің экспансистік әрі шапқыншылық саясатында тамыры бар аймақтағы дағдарысты жағдайға сілтееме жасап, Иранның Сирия дағдарысын әрдайым «сириялық- сириялық» келіссөз арқылы шешуді қолдағанын айтты.

Иранның Қорғаныс министрі сондай- ақ сионистік режим мен Саудия режимінің сыбайластығын және олардың лаңкестікті қолдаудағы бірлескен қимылдарын айыптап: «Мұсылмандардың әрі адамзаттың жауымен, яғни Израильдің жалған режимімен одақтастықтың Саудия билеушілері үшін қауіпті салдарлары болады. Аймақ пен әлемдегі мұсылман ұлттар осы стратегиялық қателікке төзе алмайды» деді.