Иран Президенті: Үкімет шындықтарды айту үшін діндарлардың қолдауын қажет етеді
(last modified Sun, 12 Jun 2016 08:48:30 GMT )
Маусым 12, 2016 14:48 Asia/Almaty
  • Иран Президенті: Үкімет шындықтарды айту үшін діндарлардың қолдауын қажет етеді

Иран Президенті «Бүгін діндарлар қоғамның мәдени тұрғыдағы қажеттіліктеріне жауапты болуы керек. Үкімет шындықтарды айтып, әділ сынау үшін діндарлардың қолдауын қажет етеді»,- деді.

Иран Президенті Хасан Рухани сенбі кешке діни ғұламалар, діни тұлғалар мен жамағат намазы имамдарының қатысуымен өткен ауызашарда «Бүгін діни ғұламалар мен дін саласындағы азаматтар исламдық мәдениетті қалыптастыруымен бірге исламдық революцияны жалғастырып, исламдық жүйені қорғауға міндетті. Аймақ елдерінің кезігіп отырған қиындықтарына қарамастан қазір Иран тұрақтылық пен қауіпсіздікке ие болып, алға ілгерілеуін жалғастыруда.

Үкімет діни және исламдық болғандықтан халық бұл үкіметті руханият саласындағы адамдарға жақын үкімет санайды. Халық рухани азаматтардан қолдарында бар күш-қуат пен ықтиярларды қоғамның материалдық және рухани мүдделері үшін әділ пайдаланатындықтарын күтуде. Бұрын халық діни азаматтардан Алланың ахкамын түсіндіруді талап етсе, бүгін Алланың шариғатынан басқа діни азаматтардан жоспарлар құрып, ең қысқа уақытта және ең тура жолмен елдің материалдық және рухани мүдделерін қорғауды талап етеді»,- деп қуаттады.