Иранның Қауіпсіздік министрі өз елінің инвесторлар үшін қауіпсіз екенін қуаттады
(last modified Mon, 13 Jun 2016 09:16:24 GMT )
Маусым 13, 2016 15:16 Asia/Almaty
  • Иранның Қауіпсіздік министрі  өз елінің инвесторлар үшін қауіпсіз екенін қуаттады

ИИР Қауіпсіздік министрі бұл министрліктің инвесторлар мен жұмыс орындарын ашушылар үшін экономикалық қауіпсіздік орнату саласында талпыныс жасап жатқаны туралы хабарлады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның Қауіпсіздік министрі Махмуд Алави жексенбі күні: «Ираннң Қауіпсіздік министрлігі инвесторлар мен жұмыс орындарын ашушылар үшін экономикалық қауіпсіздік орнату саласында талпыныс жаса, кейбіреулердің инвесторлар үшін кедергі тудыруына рұқсат етпейді»,- деді.

Алави экономика, өнеркәсіп және жоғары оқу орындары салаларында қауіпсіздіктің қажеттілігін қуаттап: «Елдің барлық бөлімдері алға ілгерілеу үшін бұл қауіпсіздіктің тыныштықпен бірге болғаны жөн. Бүгін Иранда экономика, өнеркәсіп және жоғары оқу орындары салаларында қауіпсіздік орнатылып, лаңкестік топтар қауіпсіздік күштерінің толығымен бақылауында. Оларға қатысты мәліметтердің көбі халық арқылы түседі»,- деп мәлімдеді.