Иранның солтүстік- батысында «Пежак» лаңкестік тобының бірнеше мүшесінің көзі жойылды
(last modified Mon, 13 Jun 2016 15:47:47 GMT )
Маусым 13, 2016 21:47 Asia/Almaty
  • Иранның солтүстік- батысында «Пежак» лаңкестік тобының бірнеше мүшесінің көзі жойылды

Ислам революциясы Cақшылар корпусы құрлық күшінің қоғамдық қатынастар бөлімі Иранның солтүстік- батысында «Пежак» лаңкестік тобының 5 кісіден тұратын бір тобының көзі жойылғанын хабарлады.

Сақшылар корпусының құрлық күші өз хабарламасында: ««Пежак» лаңкестік тобының 5 кісіден тұратын тобы Иранның солтүстік-батысындағы Сардашт аймағында барлау амалдары барысында анықталып, оның 5 мүшесінің көзі жойылды. Осы топтан едәуір қару- жарақ, оқ- дәрі және құжаттар тәркіленді» деп мәлімдеді.

Осы лаңкестік топтың мүшелері соңғы апталарда Сардашт шекаралық қалада екі жергілікті ерікті күш пен бір инженерді шәһид еткен болатын. «Пежак» осыдан 13 жыл бұрын ПКК тарапынан аймақта, соның ішінде Иранда лаңкестік әрекеттер жасау үшін құрылған қарулы лаңкестік топ болып табылады.