Рухани: Белсенді мұсылман әйелдің үлгісін ұсыну - ирандық әйелдердің үлкен міндеті
ИИР Президенті ирандық әйелдердің үлкен міндетін әлем деңгейінде қоғамдық белсенді мұсылман әйелдің үлгісін ұсыну деп атады.
Иран Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні әйелдер мен жанұя мәселелері белсенділерінің ортасында өткізген ауызашарда: «Иран үкіметі әйелдердің қоғамдық, саяси және экономикалық жұмыстарға қатысуын барлық әйелдердің құқығы деп санайды. Ирандық әйелдер қарсыласу экономикасының саясаттарын дамытып, алға ілгерілету үдерісіне қатыса алады»,- деді.
Иран Президенті сонымен бірге ирандық әйелдердің ғылым, спорт және өнер салаларындағы жетістіктеріне тоқталып: «Ирандық әйелдер Ислам революциясының арқасында ахлақ пен рухани құндылықтарды құрметтеп, қоғамдық белсенділік танытуда. Ислам діні әйелдер мен ерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді»,- деп баса айтты.