Иранның мұнай өндірісі күніне 3 млн 800 мың баррельге ұлғайды
Маусым 14, 2016 22:56 Asia/Almaty
Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане: "Иранның мұнай өндіру көлемі биылғы мамыр мен маусым айында күніне 3 млн 800 мың баррельден асты. Иранның шикі мұнай экспорты да екі есе артты.
Иранның мұнай экспорты 2016 жылғы қаңтар айының басынан қазірге дейін екі есе болған. Қазіргі уақытта күніне екі миллион баррельден асқан. Газ өнімдерін өндіру де 2013 жылғы күніне 380 мың баррельден 600 мың баррельге жетіп отыр" деді.
Тегтер