Ислам революциясы жетекшісінің жүйе басшыларының алдында сөйлеген сөзі
(last modified Wed, 15 Jun 2016 08:55:55 GMT )
Маусым 15, 2016 14:55 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің  жүйе басшыларының алдында сөйлеген сөзі

Ислам революциясының жетекшісі: «Америкалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты міндеттемелерінің маңызды бөлімін орындамады, бірақ Иран өз міндеттемелерін іске асырып, уранды 20 пайызға байыту жұмыстарын тоқтатып, Форду нысаны мен Арак ауыр су шығаратын зауытын жапты" деп қуаттады.

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні жүйенің үштік билігінің басшылары және қайраткерлерімен кездесуінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының оң және сындарлы, сондай-ақ осал тұстары бар деп, АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін орындамағанына тоқталып: «Екінші жақтың міндеттемелері санкциялардың күшін жою болғанымен олар өз міндеттемелерін іске асырған жоқ, яғни санкциялардың бір бөлігінің күшін жойғандай етіп көрсеткендерімен іс жүзінде санкциялардың күші жойылмады»,- деді.

Аятолла Хаменеи Иран мен шетелдік банктер арасындағы қиындықтардың шешілмегенін сілтеме жасап: «АҚШ-тың үкімет басшылары сөздері және мәлімдемелерімен Иранның банктік мәмілелер жасауына кедергі жоқ деген уәж айтады, бірақ іс жүзінде банктерге Иранмен мәміле жасамайтындай қысым көрсетеді»,- деп мәлімдеді.

Ислам революциясының жетекшісі екінші жақтың өз мүддесіне пайдалануына себеп болған «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы құжатының көптеген түсініксіздік тұстарына тоқталып: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты берген уәделерін бұзғысы келмейді, өйткені уәдеге табанды болу – Құранның бұйрығы. Бірақ, егер АҚШ президенттік сайлауы үміткерлерінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының құжатының күшін жоямыз деген қоқан-лоққысы іске асырылса, Иран да аталмыш құжаттың күшін жояды. Өйткені бұл іс уәдені бұзуға қатысты Құранның бұйрығы болып табылады» деді.

Ислам революциясының жетекшісі дұшпанның жобаларымен қарсыласатын жалғыз жолды мүмкіндіктерді дұрыс және орынды пайдаланып, күш-қуатты күнделікті арттыру деп қуаттап: «Дұшпан деп АҚШ үкіметі басқарып отырған үстем арна мен заңсыз сионистік режимнің көрінісі саналатын сионистік арна саналады.

Кейбіреулер Иран АҚШ-пен келісімге келіп, өз мәселелерін шеше алады деп ойлайды. Бұл ой дұрыс емес, тек бос сөз ғана. АҚШ-тың негізгі мәселесі келіссөздер және қарым-қатынаспен шешілмейтін ИИР-ның болмысы. Өйткені Исламнан туындаған құдырет пен тәуелсіздікті үстемшілдер қабылдай алмайды»,- деп қуаттады.