Рухани: Иран үкіметі Американың үстінен халықаралық әділет сотына шағымданды
ИИР президенті Иран үкіметі Американың Иранның орталық банкінің шамамен 2 млрд доллар қаржысын тәркілеп, тонағаны үшін халықаралық әділет сотына шағымданғанын мәлімдеді.
ИРНА- ның хабарлауынша, Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке шәһидтер мен соғыс ардагерлерінің отбасыларына ауызашар беру рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Иран үкіметі халықтың құқығын қорғауды және 2 млрд доллары мен келтірілген шығынға қол жеткізгенше тақырыпты жалғастырады. Американың сот мекемелері заңсыз үкімдер қабылдап, осы сома америкалықтар мен Ливанда өлтірілген кісілердің отбасыларына берілуі керек дейді. Америкалықтардың Ливанда не істеп жүргені және бұл тақырыптың Иранға қандай қатысы бар екендігі белгісіз» деді.
АҚШ- тың жоғары соты өткен сәуір айындағы өз шешімінде 1983 жылғы бомба жарылысында құрбан болғандардың отбасыларына Иранның тәркіленген байлығынан шамамен 2 млрд доллар төлеуді растады.
Иран 241 америкалық әскеридің өліміне соқтырған Бейруттегі АҚШ теңіз күшінің базасындағы 1983 жылғы жарылысқа араласпағанын қуаттап отыр.
Иран президенті осы отырыстың жалғасында қоғамда және жас буын арасында жанкештілік пен шәһид болу мәдениетін таратудың маңыздылығын қуаттап: «Егер жанкештілік пен шәһид болу мәдениетін сақтасақ, дұшпандардың аса ауыр астыртын әрекеттерінің алдында жеңіске жететіндігіміз сөзсіз» деді.