Маусым 18, 2016 20:39 Asia/Almaty
  • БҰҰ-ның Босқындар ісі бойынша Жоғары комиссары Зарифпен кездесті

Иран Сыртқы Істер Министрі ИИР-ның босқындарға жақсы мүмкіндіктер жасап, оларға білім беру саласында көп қаржы жұмсағанын айтты.

Мохаммад Джавад Зариф БҰҰ-ның Босқындар ісі бойынша Жоғары комиссары (UNHCR) Филиппо Грандимен Теһранда кездесуінде: «Иранның босқындарды қабылдап келе жатқанына отыз жылдан асты. Осы жылдары денсаулық және білім беру саласында көптеген шаралар атқаруға күш салды. Алайда Иранның босқындарға жағдай жасауы үшін бөлінген халықаралық көмектер мардымсыз болды» деді.

БҰҰ-ның Босқындар ісі бойынша Жоғары комиссары Филиппо Гранди де ИИР-на босқындарды паналатқаны үшін алғыс білдіріп: «Иран босқындарға денсаулық және білім беру саласында қаржы жұмсаған елдердің қатарына кіреді. Осы тұрғыдан Иран үлгі боларлық ел» деді. БҰҰ-ның Босқындар ісі бойынша Жоғары комиисары Ирандағы босқындарға бөлінетін халықаралық көмектердің артуына үміт білдірді.

 

 

 

Тегтер