Рухани: Ұлттық мәселелерде әртүрлі партиялар мен ағымдардың мүдделері маңызды емес
Иран Президенті: «Әлемнің барлық мемлекеттерінен партиялар мен ағымдарды кездестіруге болады. Бірақ ұлттық мәселе мен ұлттық мүдделер туралы пікірталастарда партиялар мен ағымдардың мүдделері маңызды емес»,- деді.
ИИР Президенті Хасан Рухани сенбі күні ақпарат саласының басшылары қатысқан ауызашарда қоғамда үміт пен сенімділікті нығайтып, халықтың үмітінің зардап шегуінің алдын алу қажет деп қуаттап, қоғамның қазіргі тыныштығы мен жетістіктерін үміт пен тыныштық сезімдерімен байланыстырды.
Рухани сонымен бірге Иранның ақпарат құралдарының аймақ пен әлемдегі белсенділігіне тоқталып: «Бүгін дүние ИИР-ның сөзі мен қисынын естігісі келеді. Сондықтан өзіміздің ақпарат құралдарымыздың белсенділігін тереңдетіп, сөзіміз бен қисынымызды дұшпандар мен бақталастарымыздың кедергілеріне қарамастан, аймақ пен әлем деңгейінде әлемдіктерге жеткізуіміз керек. Біз исламдық Ирандағы баспасөз азаттығын мақтан тұтамыз. Әрине, бұл салада да әлі шешілмеген мәселелер мен қиындықтар бар»,- деді.