Ислам революциясының жетекшісі ғылыми дамуды арттыру қуажеттілігін қуаттады
(last modified Sun, 19 Jun 2016 12:11:15 GMT )
Маусым 19, 2016 18:11 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі ғылыми дамуды арттыру қуажеттілігін қуаттады

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сенбі күні жоғары оқу орындарының ұстаздары, ғалымдары және зерттеушілерімен кездесуінде: «Жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарындағы ғылыми дамудың жылдамдығының артуын, жастардың ирандық-исламдық болмысын сезінуін нығайту, университеттер мен студенттердің революцияшыл болуы исламдық жүйенің әлемде ғылыми алпауыт ел және Ислам негіздеріне сүйенген діни халықтық демократияға айналуына себеп болады»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі ғылыми алға ілгерілеуге қатысты айтқан сөзінде ғылыми дамудың жылдамдығын арттыру қажеттілігін қуаттап: «Біз ғылыми салада артта қалғанымызға қарамастан, еліміздің дарынды жастарының талпынысы және энергиясымен осы артта қалуымыздың орнын толтырып, алға ілгерілете аламыз»,- деп қуаттады. Ол өткен жылдардағы Иранның әлемде ғылыми жоғары орындарға ие болуын жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың қажымас талпыныстарының нәтижесі деп атап: «Басшылар ғылыми жетістіктердің Иранның қажеттіліктеріне сай жылдамдықпен алға ілгерілеуіне жағдай жасауы керек»,- деп баса айтты. Бұл қуаттаулар дұшпандардың халықтарды билеу үшін «жұмсақ соғысты» құрал ретінде пайдалануы үшін жасалды. Әсіресе ғылым мен технология салаларындағы «жұмсақ соғыс» соңғы бірнеше жылда Иранға қарсы қолданып отырылған тәсілдердің бірі.

Қазіргі кезде Иранның Ислам революциясының жеңіске жетуінен бері шамамен 38 жыл өтуде. Бұл жылдары Иран халқы әрқашан таңылған соғыс, санкциялар және әртүрлі қастандықтар сынды қысымдарға қарсы тұрды. Бірақ санкцияларға қарамастан, Иран бейбіт мақсатты ядролық ғылым, нано технологиялар және діңгекті жасушаларды көбейту салаларында алға ілгеріледі. Бірақ бұл жеткілікті емес. Өйткені, «жұмсақ соғыспен» қарсыласу ғылыми мүмкіндіктердің жоғары дамуына байланысты. Сондықтан бүгінгі әлемде ғылым өндіретін орталықтарды дамытуды жалғастыру қажет. Иранда ғылыми жұмыстар елдің қажеттілігіне сай алға ілгерілеп, бұл салаға инвестиция салынуда.

Иранда елге қажет діңгекті жасушаларды көбейту, нано технология мен ядролық ғылым сынды салаларға инвестиция бөлініп, ілімнің әрқашан ахлақ пен рухани байлықпен бірге жүруі қуатталды.

Иран өткен бірнеше онжылдықта мұнайға тәуелді болды. Негізінде, тіпті мұнай өнеркәсібінде де ғылыми жұмыстар іске асырылып, жаңа технологиялар енгізіліп, мұнайдың орнына қолданылатын энергиялар іздестірілуі керек.

Елдің ғылыми дамуының артта қалуына көңіл бөліп, оның орнын толтыру үшін ғылыми жетістіктерді жылдамдату қажет. Осыған орай Ислам революциясының жетекшісі дамудың жылдамдығын арттыру қажеттігін қуаттады. Ислам революциясы жетекшісінің жоғары оқу орындарында ғылым мен білім салаларындағы алға ілгерілеушілікті жылдамдату қажеттілігін қуаттауы осы мәселеге қатысты.

Тегтер