Рухани денешынықтырудың маңыздылығын қуаттады
ИИР Президенті: «Денешынықтыру – спорттың негізі. Бірақ жеңістерге жеткізетін үлкен спорт еліміздің жастарын денешынықтырумен айналысуға жігерлендіре алады»,- деді.
Иран Телерадио бірлестігі тілшісінің мәліметі бойынша, Иран Президенті жексенбі күні спортшылармен өткізген ауызашарда спорт алаңында жеңіске жеткен кезде тәкаппар болу мен жеңілген кезде үмітсізденуден абай болу қажеттігін қуаттап: «Күндердің бірінде спорт алаңдарында сәтсіздікке ұшырасақ, үмітсізденбеуіміз керек және жеңіске жеткенде, жеңісіміздің тәкаппарлыққа себеп болмағаны жөн. Әр жеңіс келесі үлкенірек жеңістің баспалдағы болуы керек.
Өткен жылы қасиетті рамазан айында біздің қаһармандарымыз дипломатиялық сахнада жеңіске жетіп, «Иранның уран байытуға хақысы жоқ» деп уәж айтқандардан Иран халқының құқықтарын қайтарып, бүгін оларды ядролық салада келісім жасауға мәжбүрледі. Исламдық Иранның қаһармандары санкциялардың күшін жойып, қоғамның белсенділігіне жол ашты. Иран халқы өкілдерінің әр саладағы жеңісі – бүкіл Иран халқының жеңісі»,- деп қуаттады.