Ислам революциясы жетекшісінің ақындармен кездесуінде сөйлеген сөзі
Иран Ислам революциясының жетекшісі дүйсенбі күні имам Хасан Моджтаба (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығы кешінде ақындармен кездесуінде сөйлеген сөзінің бір бөлігінде АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты қиянаттарын қоғамдық пікірге жеткізу керек деп баса айтты.
Діни жетекшінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Хасан Моджтаба (ғ.с.)-ның туған күні жылдығының кешінде елдің мәдени қайраткерлері, парсы әдебиетінің ұстаздары, Иранның жас ақындары мен танымал тәжірибелі ақындары, сонымен бірге Пәкістан, Үндістан мен Ауғанстаннан келген бірқатар ақындар Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеимен кездесті.
Аятолла Хаменеи «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты АҚШ-тың қиянаттарын халыққа жеткізуді ақындардың өлеңдерінің тақырыптарының бірі болуы мүмкін деп: «Саясаткерлермен бірге өнерпаздар, әсіресе ақындар шындықты қоғамдық пікірге жеткізуге міндетті. Бүгінгі соғыс – «жұмсақ соғыс». Саяси және мәдени күрес жүргізілуде. Мұндай жағдайда поэзия әсерлі құрал ретінде өз міндетін атқаруы қажет»,- деп баса айтты. Ол өткір әрі мағыналы поэзияны дамыту қажеттігі мен Телерадио бірлестігі мен басқа да органдардың осы саладағы жауапкершілігіне тоқталып: «Қазіргі кезде Палестина, Йемен, Бахрейн, қасиетті қорғаныс, соғыс шәһидтері, қасиетті кесенелерді қорғаған шәһидтер немесе езгіге түсіп отырған Нигерияның ержүрек азаматы шейх Закзаки туралы өткір өлеңдер айтылуда, бірақ, өкінішке орай, бұл адамға әсерін тигізетін өлеңдер дұрыс таныстырылып, таратылмай жатыр. Осы салада жасалып жатқан жұмыстар жеткілікті емес»,- деді. Палестина, қасиетті қорғаныс, аймақ, Йемен сынды тақырыптарға арналған өлеңдерді аударып, жариялау, дұғалар мен діни мәтіндерді өлеңге айналдыру, пәк имамдардың тағылымдарын жеткізу мақсатында мазмұнды өлеңдерді тарату Ислам революциясы жетекшісінің достық кездесуде берген кеңестерінің қатарын құрады.