Мәртебелі жетекші Шығыс Әзірбайжан облысы халқының түрлі таптарымен кездесті
https://itolqyn.com/news/iran-i979
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Иран халқының алдағы Ислам кеңесі мәжілісі мен Эксперттер мәжілісіне сайлауларға саналы түрде жаппай қатысуын дұшпандардың астыртын әрекеттерін залалсыздандырады деп бағалады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 17, 2016 22:27 Asia/Almaty
  • Мәртебелі жетекші Шығыс Әзірбайжан облысы халқының түрлі таптарымен кездесті

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Иран халқының алдағы Ислам кеңесі мәжілісі мен Эксперттер мәжілісіне сайлауларға саналы түрде жаппай қатысуын дұшпандардың астыртын әрекеттерін залалсыздандырады деп бағалады.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Табриз халқының 1356-шы жылдың (1978) баһман айының 29 күнгі көтерілісінің жылдығы қарсаңында осы облыстағы түрлі таптан құралған мыңдаған адамды қабылдауында 26- шы ақпан күні өтетін сайлаулардың халықтың оянуы мен Иранның жүйесін, тәуелсіздігі мен ұлттық абыройын қорғауының белгісі екендігін қуаттай келе: «Халық сайлауларға жан-жақты және саналы түрде қатысуымен дұшпанның қалауына қайшы әрекет жасайды.

Дұшпан сайлауларға арнайы жоспар құру арқылы өзінің жобалаған астыртын әрекетін жүзеге асыруды көздеуде. Сондықтан Иран халқы елдің негізгі қожайындары ретінде осы сұм ниеттердің жүзеге аспауы үшін кейбір ақиқаттарды білуі керек. Ислам революциясының басынан бөгделердің жоспары Иранда сайлау өткізуге тосқауыл қою болды. Осы жолда талпыныстар да жасады, бірақ күдер үзгеннен кейін соңғы жылдары сайлауларға шүбә келтіруге ден қойып, осы іске ықпалын тигізуді ниет етіп отыр» деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі АҚШ пен көптеген еуропалық елдердің саясатына сионистердің билігі мен ықпалының әсер ететіндігін айтып: «Америкалықтардың ядролық мәселедегі іс- әрекетін осы аяда бағалау керек» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи бір америкалық қайраткердің Вашингтонның әлем инвесторларының Иранға қаржы салуына кедергі келтіруі негізіндегі жуықтағы сөзіне сілтеме жасап: «Осындай мәлімдемелер АҚШ-тың Иран халқымен дұшпандығының тереңдігін көрсетеді» деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сондай- ақ Иран халқына биылғы 22- ші баһман күні (11 ақпан) ислам революциясы жеңісінің жылдығына байланысты салтанатты шеруге қатысқандары үшін алғыс айтып, оны халықтың мықты талабы мен төзімділігі және оянушылығының белгісі деп атап: «Алланың мейірімімен Иран жастары АҚШ пен тіпті одан үлкеніректің де Иран халқының алдында қолдарынан ештеңе келмейтін күнді көретін болады» деді.