Революцияның мәртебелі жетекшісі президент және үкімет мүшелерімен кездесті
(last modified Thu, 23 Jun 2016 08:11:19 GMT )
Маусым 23, 2016 14:11 Asia/Almaty

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні түстен кейін президент және үкімет мүшелерімен кездесуінде «Наһж ул-Балағе» кітабынан бірнеше хикметті түсіндірді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі бүлік шыққан жағдайда әрекет ету тәсілі туралы мүміндердің әміршісінің сөзіне сілтеме жасап: «Хазірет Әли (ғ.с.) бүлік шыққан жағдайда халық үшін хақты жалғаннан ажыратудың өте қиын болатынын, сол кезде еш нәрсе бүліктің пайдасына шешілмейтіндей әрекет жасау керектігі туралы кеңес береді» деді.

Ол хазірет Әлидің (ғ.с.) «Наһж ул-Балағе» кітабындағы келесі бір хикметіне сілтеме жасап, байлық пен ерекше басымдылықтарға жету үшін жауапкершілікке ашкөздікпен қарау тақырыбына тоқталып: «Шын мәнінде, аманат болып табылатын жауапкершілікке осылай қарау адамның кішіреюі мен төмендеуіне себеп болады» деді.

Хазірет аятолла улузма Хаменеи сондай- ақ хазірет Әлидің (ғ.с.) «Наһж ул-Балағе» кітабындағы тағы бір хикметке сілтеме жасап: «Әрдайым тілге сақ болу керек, өйткені адамның көптеген қиыншылықтары тілден туындайды» деп баса айтты.