Қазақстандағы лаңкестік шабуылға қатысты 7 күдікті қамауға алынды
Шіл 10, 2016 14:34 Asia/Almaty
Қарағанды облысының қауіпсіздік күштері лаңкестік шабуылға қатысты 7 күдіктіні қамауға алды.
«Azeri Islam" сайтының мәліметі бойынша, Қазақстанның ақпарат құралдары бүгін, жексенбі күні осы елдің қауіпсіздік күштерінің лаңкестік шабуылға қатысты 7 күдіктіні қамауға алғанын хабарлады. Осы мәлімет бойынша Қазақстанның қауіпсіздік күштері бұл адамдарға тергеу жүргізуде.
Қазақстанда қамауға түскен лаңкестік топтар мүшелерінің саны көбеюде. 5-ші маусымда Ақтөбедегі ұлттық ұланның әскери бөлімшесі мен қару-жарақ сататын дүкендерге жасаған шабуылдардың салдарынан 23 адам өлген болатын.
Тегтер