Нетаньяхуге қарсы елдің ішіндегі қарсылықтар артты
(last modified Mon, 12 Sep 2016 13:11:44 GMT )
Қыр 12, 2016 19:11 Asia/Almaty
  • Нетаньяхуге қарсы елдің ішіндегі қарсылықтар артты

Сионистік режим теледидарының екінші арнасы премьер-министр Бениямин Нетаньяхудың пара алды деп айыпталып, жауап беруге шақырылуы мүмкіндігін хабарлады. Израиль полициясы Нетаньяхуге қарсы айыптапдың тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

Айта кететін жайт, Нетаньяху бір адамды белгісіз бір адамнан пара алуға міндеттеген, бірақ бұл адам алған параны Нетаньяхуге бермеген.

 

Нетаньяхуды жауап беруге шақыру хабарымен тұспа-тұс сионистік режим басшыларының арасындағы айтыстың күшейгені туралы хабар таралып, «Сионистер бірлігі» париясының парламенттік мүшелері  Нетаньяхуды сынап, оны премьер-министр болуға лайық емес деп атады.

Израиль теледидарының 10-шы арнасы да: «Сионистік режимнің Нетаньяхумен қайшылығы мен Палестина интефазасының сәтсіздігіне байланысты қызметінен кетуге мәжбүр болған бұрынғы соғыс министрі Моше Ялон Израиль Кнессетінде партия құрып, алдағы сайлауға үміткер болу туралы шешім қабылдауы Израильдің саяси сахнадағы қайшылықтарының артуын көрсетеді.

Израильдегі билік соғысы мен саяси қайшылықтардың күшеюі бұл режимнің саяси сергелдендігін көрсетеді. Өткен айларда  сионистік режимнің саяси сахнасы қайшылықтар мен партиялардың саяси  және экономикалық бопсалауларының жаңа кезеңіне  айналды. Бұл мәселе аталмыш режимнің саяси құлдырауының жаңа толқынына түскенін білдіреді.

Сионистік режимнің өзгерістері Бениямин Нетаньяхудың жағдайының әлсірегенін көрсетеді. Өткен жылдардағы Нетаньяхудың сәтсіз іс-қимылдары бұл режимнің саяси, экономикалық және әлеуметтік дағдарыстарының күшеюіне, нәтижесінде  азаматтарының басшыларына деген наразылықтарының артуына себеп болды. Мұндай жағдай сионистік режимді уақытынан тыс сайлауға қарай итермелеп, ел ішіндегі өзгерістері бұл режимнің саяси қайшылықтардан қатерлі кезеңге аяқ басқанын көрсетеді.

Сионистік режимнің қайшылықтары партиялар арасындағы қайшылықтардан асып, оларды  ішкі қақтығыстарға тіреді. Нәтижесінде басқа партиялардан бұрын бұл режимнің Нетаньяху басқаратын негізгі «Ликуд» партиясының ыдырауына себеп болуы мүмкін.

Нетаньяхуға қарсы әртүрлі қайшылықтар өткен айлардағы оның саяси сахнадағы жағдайының әлсіреуінің белгісі. Әртүрлі деректер, соның ішінде оның бұзақылықтарын зерттейтін істің ашылуы Нетаньяхудың саяси өмірінің аяқталуының жақындағанын  және сионистік режимнің әртүрлі дағдарыстармен кезігуін көрсетеді.    

 

,