Қазақстанда «Жібек жолындағы әңгімелер» атты мәдени отырыс жұмысын бастады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i15025-Қазақстанда_Жібек_жолындағы_әңгімелер_атты_мәдени_отырыс_жұмысын_бастады
Алматы қаласында «Жібек жолындағы әңгімелер – «Орталық Азия: өңір халықтарының ниеттестігі және келісімі» атты халық­аралық мәдениеттану жобасы өз жұмысын бастады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 24, 2016 22:36 Asia/Almaty
  • Қазақстанда «Жібек жолындағы әңгімелер» атты мәдени отырыс жұмысын бастады

Алматы қаласында «Жібек жолындағы әңгімелер – «Орталық Азия: өңір халықтарының ниеттестігі және келісімі» атты халық­аралық мәдениеттану жобасы өз жұмысын бастады.

Жұма күні Қазақстан республикасы тәуелсіздігінің 25-ші жылдығына байланысты Алматыда басталған осы отырысқа халықаралық мамандар мен Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанның танымал ғалымдары мен Қазақстанда тұратын өзге ұлттар қоғамының мүшелері, сонымен қатар осы елдегі өзге де этникалық бірлестіктер қатысты.

Қазақстан республикасы Президентінің қадағалауындағы «Қоғамдық келісім» орталығының өкілі Наталья Калашникова осы жоба туралы: «Аталмыш жоба қалпында Жібек жолындағы әңгімелер арқылы даму үшін ұлттардың бірігуі өзектілігімен көптеген кітап шығару жоспарланған. Сондықтан жыл сайын осы жазба туындыларға жаңа мазмұндар қосу жоспарланып отыр. Бұл жобаның мақсаты Орталық Азия  елдері мен ұлттарының жан- жақты байланыстарын кеңейтуге көмектесу және мәдениеттер арасындағы сұхбаттасуды ілгерілету шеңберінде ортақ мәдени және тарихи құндылықтарды сақтау болып табылады» деді.

«Жібек жолындағы әңгімелер" деп аталатын жоба 2007  жылдан бері Орталық Азия  елдерінің қатысуымен жыл сайын өтеді. Отырыста мамандар аймақ елдерінің негізгі қиыншылықтары мен шешім жолдарын қарастырады.