Қазақстан Еуразия экономикалық одағы аясында экономикалық байланыстарды кеңейтуді көздейді
Қазақстан Сыртқы істер министрі осы елдің заң шығарушы органында сөйлеген сөзінде Еуразия экономикалық одағы аясында көп жақты экономикалық байланыстарды дамытуды Қазақстан үкіметі мен дипломатиялық аппараты белсенділіктерінің негізгі мақсаттарының бірі деп атады.
Ерлан Ыдырысов Қазақстанның дипломатиялық аппараты белсенділіктерінің негізгі мақсаттарының бірі Еуразия экономикалық одағы аясында көп жақты экономикалық байланыстардың дамуы мен кеңеюіне көмектесу екенін айтып, көп жақты экономикалық байланыстардың маңыздылығы мен Қазақстанның экономикалық дипломатиясында ұлттық мүдделерді ешбір шартсыз жоғарылату туралы сөз қозғады.
Оның айтуынша, бүгінде әлемнің 30 елі Еуразия экономикалық одағымен байланыстарын дамытуға ынта білдірген. Осы күнге дейін Еуразия экономикалық одағы мен әртүрлі елдердің, соның ішінде Моңғолия, Чили, Перу, Сингапур мен Кабоджа елдерімен ынтымақтастық жасау саласында 25-тен астам меморандумға қол қойылған.
Қазақстан Сыртқы істер министрі сөзінің келесі бір бөлігінде Вьетнаммен еркін сауда аймағын құру келісімінің орындалу кезеңіне аяқ басқанын айтып: «Мұндай келіссөздер Үндістанмен де жүргізіліп жатыр. Болашақта Иран және Мысыр елімен де осындай келісімдерге қол қойылады»,-деді.
Ресей, Беларусь пен Қазақстан елдері Еуразия экономикалық одағын құрды. Бұл одақты құрудағы мақсат сауда-саттық және кедендік рәсімдердің бірыңғайлығын нығайту болды. Басқаша айтқанда, Ресей осы одақты құру бастамасын ұсыну арқылы бұрынғы Кеңес одағына мүше елдер және Қытай мен Үндістан сияқты кейбір басқа елдермен қарым-қатынасын қайта қалыптастыруды көздеп отыр. Бұдан бұрын Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің ынтымақтастықтары кейбір экономикалық және кедендік әріптестіктер аясында жүзеге асырылған еді. Бұл артынан Кеден одағының құрылуына себеп болды. Осы Кедендік одақтың құрылуы Еуразиялық кедендік одақ құруға қатысты шаралар бағдарламасына сәйкес орындалды. Осылайша іс жүзінде Еуразия экономикалық одағын құруға жағдай жасалды.
РФ Президенті осы одақты құру үдерісі барысында бұл ұйымды құрудағы мақсатты мүше елдер арасында тығыз саяси-экономикалық ынтымақтастық орнату және Еуроодаққа мүше елдермен әріптестік жасау деп атаған болатын.
Кейбір Батыс орталары Путиннің бұл идеясын Ресейдің алпауыт ел ретіндегі рөлін қайта жандандыруға бағытталған мақсаттарын орындауға талпыныс деп сипаттаса да, Путинге жақын орталар бұрынғы Кеңес одағы аумағында ұйымды құру идеясын Ресейдің экономикалық белсенділіктерін нығайту және осы елдің аймақта экономикалық қарым-қатынастарына қарқын сыйлау деп бағалап отыр.
Тіпті кейбір саяси орталар Еуразия экономикалық одағын құру идеясын мүше елдердің саяси-экономикалық интеграциясын қалыптастыру жолы деп те атады. Сырттай алғанда бұл ұйым құрылған соң мүше елдердің арасында ішкі кедендік заңдар біртіндеп жойылып, олардың арасында ортақ сыртқы кедендік тариф қойылып, кедендік үдерістерді үйлестіру жұмыстары жүретін болады. Осы тұрғыдан ортақ экономикалық кеңістік құру одақтың күн тәртібіне қойылған. Осылайша іс жүзінде Еуразия экономикалық одағына мүше елдерді интеграциялап, олардың ұлттық экономикаларының дамуына қолайлы жағдай жасап, олардың өзара ынтымақтастық деңгейін арттыруға жәрдем беріледі. Мұнымен бір мезгілде Еуразия экономикалық одағы Ресейдің Брюссельдің бұрынғы Кеңес одағынан қалған тәуелсіз елдерді Еуроодаққа тарту шараларымен күресуі үшін құрылды деседі.
Әсіресе кейбір республикалар Еуроодақ пен басқа да еуропалық ұйымдарға мүше болуды көздеп отыр. Бұл тақырып Ресейдің мүддесі үшін қауіп, әрі елдің оңтүстіктегі шекараларының қауіпсіздігі үшін қатер болып отыр. Сондықтан Мәскеу қайраткерлерінің пайымдауынша, Кеден одағын құрып, мүше елдер арасында қарым-қатынасты нығайтып, ынтымақтастықтарды энергетика саласына тарату арқылы Мәскеу аймақтағы, әсіресе Орта Азия мен Кавказ аймағындағы экономикалық әлеуеттер мен қуат көздерін Еуропа қоғамына қарсы қысым тетігі ретінде қолдана алады.
Ресейдің экономикасы мен өндірісінің қайта жандануына көмектесу және сол арқылы саяси және халықаралық сахнада белсенді рөл атқару – Мәскеудің Еуразия экономикалық одағын құрудағы келесі бір мақсаты. Осы одақтың негізін қалаған Беларусь пен Қазақстан да Мәскеумен салыстырғанда кішірек әрі шектеулірек көлемде осы мақсатты көздеп отыр.
Қазақстан Сыртқы істер министрінің Еуразия экономикалық одағы аясында көп жақты экономикалық байланыстарды дамытуды Астана үкіметі мен Қазақстанның дипломатиялық аппараты белсенділіктерінің негізгі мақсаттарының бірі деген сөзін осы аяда талдап, түсіндіруге болады.