Қазақстан Каспий теңізіндегі ең үлкен мұнай кенішінен мұнай экспорттай бастады
(last modified Sun, 16 Oct 2016 02:21:45 GMT )
Қаз 16, 2016 08:21 Asia/Almaty
  • Қазақстан Каспий теңізіндегі ең үлкен мұнай кенішінен мұнай экспорттай бастады

Қазақстан Каспий теңізінде орналасқан өзінің «Қашаған» атты ең үлкен мұнай кенішінен мұнай өндірісі мен экспортын бастады.

Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий мұнай консорциумы шеңберінде осы кеніштен 7700 тонна мұнай игеріп, сонымен орайлас «ҚазТрансОйл» құбыр жолы системасынан 18,8 тонна мұнайдың экспорт үшін жөнелтілгенін, бұған қоса осы кеніштен шамамен 22,8 млн текше метр газ игерілгенін мәлімдеді.

Қазақстанның Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, осы мұнай кенішін тұрақты түрде іске қосып, оны теңіз жабдықтары және құрлық системаларымен жабдықтап, құралдар мен автоматты бақылау системаларын сынақтан өткізіп, тұрақты түрде пайдалануға беріп, технологиялық үдерісін қарау үшін уақыт керек.

 «Қашағаннан» коммерциялық мақсатта мұнай өндіру 2013 жылы қыркүйек айында басталып, жылдық өндірісті 50 млн тонна көлеміне дейін арттыру үшін 2017 жылға дейін жоспарланған болатын.

Дегенмен бірнеше айлық өндірістен кейін техникалық қиыншылықтарға байланысты «Қашаған» кенішінен мұнай өндіру тоқтатылды.

2016 жылы күзде инфрақұрылымдарды толығымен қалпына келтіруден кейін «Қашаған» кеніші өндірісті қайтадан бастауға дайындалды.

Каспий теңізі өңіріндегі әлем бойынша 5- ші мұнай кеніші саналатын «Қашағаннан» мұнай игеру көлемі кемінде шамамен 9 млрд баррель, ал жалпы 38 млрд баррель деп болжанған.