Фетхуллах Гүленнің діни өкілі Қазақстаннан шығарылды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i16477-Фетхуллах_Гүленнің_діни_өкілі_Қазақстаннан_шығарылды
Қазақстан президентінің бұйрығымен Түркияның Һизмет қозғалысының басшысы Фетхуллах Гүленнің діни өкілі Қазақстаннан шығарылды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 20, 2016 18:11 Asia/Almaty
  • Фетхуллах Гүленнің діни өкілі Қазақстаннан шығарылды

Қазақстан президентінің бұйрығымен Түркияның Һизмет қозғалысының басшысы Фетхуллах Гүленнің діни өкілі Қазақстаннан шығарылды.

Мәліметтер бойынша, Қазақстандағы Фетхуллах Гүленнің дін істері бойынша аранйы өкілі Урхан Инал  сәрсенбі күні осы елден шығарылған. Осы мәліметке сәйкес, Урхан Инал Гүленнің сенімді адамдарының бірі болып табылады. Ол Анкара үкіметі қудалаған Гүленнің жақтастарына Орталық Азия елдерінде үйлесімділікпен қолдау көрсеткен. Урхан Инал өзі де Түркия үкіметі тарапынан қуғында жүр. Мәліметтер Урхан Иналдың бүгінгі күні Қырғызстан азаматы екенін әрі сол елде тұрақтағанын көрсетіп отыр. Айтарлық жайт, ол Ислам Ынтамақтастық Ұйымы кеше, сәрсенбі күні осы ұйымның СІМ кеңесінің 43-ші отырысында Фетхуллах Гүленге тиесілі «Һизмет» қозғалысын лаңкестік ұйым деп атады. Анкара үкіметі өз еркімен Америкада тұрып жатқан Фетхуллах Гүленді Түркиядағы жуырдағы сәтсіз төңкеріс әрекетінің негізгі факторы деп атап отыр.