Қазақстан Каспий теңізі аймағындағы Қашаған мұнай кенішін қайта жандандырады
Қазақстан үкіметі Каспий теңізі аймағындағы Қашаған мұнай кенішін қайта жандандырады.
France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, әлемдегі мұнай өндіруші елдердің қазіргі өндіріс деңгейін төмендету талпыныстарына керісінше, Қазақстан үкіметі сәрсенбі күні: «Бірнеше жылдық кешеуілден кейін Каспий теңізінің солтүстік жағындағы Қашаған мұнай кеніші қайта қолданысқа беріледі»,-деп мәлімдеді.
Осы мәлімет бойынша, Қашаған мұнай кеніші соңғы 40 жылда аймақта анықталған ең үлкен кеніш атанып, оған тіпті 50 млрд доллар жұмсалса да, өндіру қиындықтарына байланысты ондағы жұмыс 2013 жылдан бастап тоқтатылған болатын.
Алайда Каспий теңізінің солтүстігіндегі амалдар компаниясы (NCOC) осы аймақта өз жұмысын қайта бастап, 14 қазанда өзінің алғашқы мұнайын экспорттады.
Қазақстанның Энергетика министрі осыдан бұрын Каспий теңізіндегі мұнай консорциумы аясында 7700 тонна мұнай осы кеніштен өндіріліп, экспортталатынын жариялаған болатын.
Каспий теңізі маңындағы әлемнің бесінші үлкен мұнай кеніші саналатын Қашаған кенішінен өндіруге болатын мұнай көлемі шамамен 9 млрд баррель, ал жалпы 38 млрд баррель деп болжанып отыр.