Алматыдағы шабуылдың себепкері сотталды
Қазақстан соты Алматы қаласында шабуыл жасаған кісі үшін өлім жазасы үкімі шығарылғанын хабарлады.
Қазақстан соты сәрсенбі күні Алматы қаласында шілде айында 10 адамды, соның ішінде 8 полиция қызметкерін өлтіргенін мойындаған 26 жастағы Руслан Кулекбаевты өлім жазасына кесті.
Қазақстанда өлім жазасы үкімі 2003 жылдан тоқтатылғанымен, осы елдің Ата заңы кейбір ерекше жағдайларда, соның ішінде лаңкестік шабуылдарға қатысты жайттарда өлім жазасын орындауға кедергі жасамайды.
Қарулы кісілердің өткен маусым айында Қазақстанның батысында Ақтөбе қаласында қару сататын екі дүкен мен әскери базаға жасаған шабуылы кезінде де төрт әскери емес азамат пен үш әскери қаза болды.
Қазіргі кезде осы шабуылдарға қатысы болды деп 9 кісі сотталып жатыр. Бұдан басқа 21 адам тамыз айында Қазақстанның осы аймағында қоғамдық орындарға лаңкестік шабуылдар жасауға астыртын әрекет жасады деген айыппен құрықталды.