Ақтөбе лаңкестік оқиғасына айыпты 9 адам мәңгілікке бас бостандықтарынан айырылды
Қазақстанның Жоғарғы соты ағымдағы жылы жазда Ақтөбе қаласында орын алған лаңкестік оқиғаның себепкерлерін мәңгілікке бас бостандықтарынан айыру туралы үкім шығарды.
"Фарс" ақпарат агенттігінің «Спутник» агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ақтөбенің облыстық сотының баспасөз қызметі осы қалада 5 маусым күні орын алған лаңкестік шабуылға айыпты тоғыз адамға мәңгілікке бас бостандықтарынан айыру үкімінің шығарылғанын хабарлады.
Осы ақпарат көзінің мәлімдеуі бойынша, 24 қазан күні осы оқиғаға қатысты сот ісі басталғаннан осы уақытқа дейін Ақтөбе соты аталмыш оқиғаға байланысты 66 жәбірленуші мен 41 куәгерден жауап алып, тергеу жұмыстарын жүргізген.
Айыпкерлер сотта салафиттік лаңкестік топтың іс-әрекеттеріне қатысқанын мойындағанымен, жаппай қырып-жою әрекетіне қатысқандарын теріске шығарып, соттың кешірім беруін сұрады.
Айыпкерлер салафиттік-әсірешіл топтарға қарасты Таңатаров пен Айтуғановтың өтнішімен лаңкестік әрекеттерге қатысқандарын айтты.
Салафиттік сектаның ізбасарлары ағымдағы жылдың 5 маусым күні Ақтөбе қаласында 2 қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімшеге шабуыл жасап, 8 тұрғынды өлтірді. Қауіпсіздік күштері 18 күдіктіні мерт қылып, 9 адамды құрықтады.