Қазақстанда WorldFood Kazakhstan-2016 көрмесі өтті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i17464-Қазақстанда_worldfood_kazakhstan_2016_көрмесі_өтті
Қазақстанда өткен WorldFood Kazakhstan-2016 көрмесінде Иранның да тамақ өнімдері ұсынылды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 05, 2016 23:11 Asia/Almaty
  • Қазақстанда WorldFood Kazakhstan-2016 көрмесі өтті

Қазақстанда өткен WorldFood Kazakhstan-2016 көрмесінде Иранның да тамақ өнімдері ұсынылды.

Алматыда өткен WorldFood Kazakhstan-2016  көрмесінде ирандық үш компания өзінің тамақ өнімдерін,  соның ішінде май, тәтті тағамдар мен бисквит өнімдерін ұсынды.

Көрмеде 31 ел, соның ішінде Қазақстан, Германия, Иран ислам республикасы, Қытай, Үндістан, Түркия, Италия тамақ өнеркәсібі саласындағы соңғы жетістіктерін көрсетті.

Көрмеде түрлі ет өнімдері, балық шаруашылығы, сүт өнімдері, шоколад және тәтті тағамдар,  тамақ өнімдерін қораптау аппараттары, нан пісіру құрылғылары мен мұздатқыш нысандар көрсетілді. Аталмыш көрме Орталық Азия  елдері өңіріндегі ең маңызды көрмелердің бірі саналады.