Қазақстан: Сирия мен Ирактағы қысымдар лаңкестердің Ауғанстанға қашуына себеп болады
Қазақстан республикасының Елбасы Сирия мен Ирактағы лаңкестік топтарға қысым жасаудың олардың Ауғанстанға қашуына себеп болу ықтималдығын айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға жасайтын ресми сапарының алдында тілшілерге берген сұхбатында: «Ирак пен Сириядағы лаңкестерге көбірек қысым жасалса, олар осы елдерден Ауғанстанға қашып кетуге тырысатын болады. Осы уақытқа дейін аймақтың қауіпсіздігіне ешқандай қауіп төнген жоқ, ешқандай шынайы қоқан-лоққы жасалған жоқ» деді.
Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстанның Өзбекстан мен Тәжікстаннан кейін Ауғанстанмен ұзақ шекараға ие ел екендігін айтып: «Осы уақытқа дейін бұл елдерде жағдай тыныш болды, бірақ бұл ел кейбір шараларды қолданды. Өзбекстан президентінің қазасы аймақ тұрақтылығына ешқандай зардабын тигізген жоқ, ешқандай қауіпті оқиға орын алған жоқ. Олар сайлау өткізіп, елдерінің жаңа президентін сайлайды. Сол президент елдің тұрақтылығын қорғау бағытында бұрынғыға ұқсас саясат ұстанатын болады» деді.