Қазақстан Солтүстік Кореяға ескерту жасады
(last modified Thu, 10 Nov 2016 02:07:43 GMT )
Қар 10, 2016 08:07 Asia/Almaty
  • Қазақстан Солтүстік Кореяға ескерту жасады

Қазақстан республикасының Елбасы Солтүстік Кореяны ядролық қарусыздану үшін Астанадан үлгі алуға шақырды.

«Yonhap» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні үш күндік жұмыс сапармен Оңтүстік Кореяға сапар шегуді жоспарлап отырған Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Кореяға ядролық қарусыздану үшін Қазақстаннан үлгі алуға кеңес берді.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея президенттерінің отырысында Солтүстік Кореяның ядролық мәселелері талқыланады деп жоспарланған.

Қазақстан республикасы 1991 жылы бұрынғы Кеңес Одағы ыдырап, егемендік алған тұста АҚШ, Ресей және Ұлыбританиядан кейін 1 400 стратегиялық ядролық қару, шамамен 100 құрлықаралық баллистикалық зымыран және 40 стратегиялық ядролық бомбалаушыны иемденуімен әлемдегі төртінші ядролық алпауыт саналған.

Алайда Қазақстан өзінің ядролық бағдарламасын тоқтатып, ядролық нысандарын жабуға міндеттеме қабылдап, соның орнына дамыған елдер тарапынан көрсетілетін халықаралық көмектерге иек арту арқылы өз экономикасын дамытуды құп көрді.