Қазақстанның «Қашаған» мұнай кенішінен коммерциялық мұнай өндірісі басталды
(last modified Mon, 21 Nov 2016 15:44:26 GMT )
Қар 21, 2016 21:44 Asia/Almaty
  • Қазақстанның «Қашаған» мұнай кенішінен коммерциялық мұнай өндірісі басталды

Қазақстанның Энергетика министрі: «Қашаған» мұнай кенішінен коммерциялық мұнай өндірісі басталды. Бұл 55 млн доллар шығын жұмсалған және пайдалануға берілуі бірнеше рет кейінге қалған жобаны іске қосу жолындағы үлкен қадам болып табылады» деді.

Қанат Бозымбаев Қазақстан Парламентіне теңізде орналасқан осы кенішті сынақ түрінде пайдалануға берілуден қазірге дейін шамамен жарты млн тонна (3,8 млн баррель) мұнай өндірілгенін хабарлап: «Осы кеніштен күнделікті мұнай өндірісі бірінші қарашадан күніне 75 мың баррельден асты» деді.

Қазақстан биыл 1,1 млн тонна, келесі жылы 4- 8 млн тонна шикі мұнай өндіруге үміт артып отыр. Осылайша бірнеше ескі мұнай кеніштерінен мұнай өндірісі көлемі қысқаруының орны толтырылады.

«Қашаған» кенішінен мұнай өндіру алғаш рет 2013 жылы басталды. Алайда біраз уақыттан кейін мұнай тасымалдайтын құбырлардағы техникалық ақауларға байланысты тоқтатылды.