Қазақстан Парламенті Астана қаласының атауын Назарбаев деп өзгерту туралы ұсыныс жасады
Қар 23, 2016 23:24 Asia/Almaty
Қазақстан Парламенті елорда Астананың есімін тағы да өзгертпек болып отыр. Бұл жолы депутаттар Астана қаласының атауын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау туралы ұсыныс жасады.
Осы ұсынысты алға тартқан депутаттардың бірі Қуаныш Сұлтанов ел тәуелсіздігін мәңгілік етудің үздік жолдарының бірін Астана қаласының атауын Елбасының атауымен өзгерту деп атап: «Назарбаевтың мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы және тұрақтылығына қосқан үлесі зор. Сондықтан ел тәуелсіздігінің 25- ші жылдығында елорданы «Назарбаев» атауымен атау орынды» деді.
Тегтер