Назарбаев БҰҰ-ның жаңа тағайындалған бас хатшысын Қазақстанға сапармен келуге шақырды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i18511-Назарбаев_БҰҰ_ның_жаңа_тағайындалған_бас_хатшысын_Қазақстанға_сапармен_келуге_шақырды
Қазақстан Елбасы БҰҰ-ның жаңа тағайындалған бас хатшысы Антониу Гутерришті осы елге ресми сапармен келуге шақырды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 24, 2016 14:49 Asia/Almaty
  • Назарбаев БҰҰ-ның жаңа тағайындалған бас хатшысын Қазақстанға сапармен келуге шақырды

Қазақстан Елбасы БҰҰ-ның жаңа тағайындалған бас хатшысы Антониу Гутерришті осы елге ресми сапармен келуге шақырды.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақтан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше БҰҰ-ның жаңа тағайындалған бас хатшысы Антониу Гутерришпен Астанада кездесті.

Қазақстан президенті Гутерришпен кездесуінде әлемдегі күрделі геосаяси жағдайға тоқталып: "Осындай жағдайда БҰҰ бас хатшысының міндетін атқару қиынға соғады. БҰҰ-ның бас хатшысы ретінде ауыр әрі күрделі жұмыстарды атқару кезінде әрқашан Қазақстан еліне арқа сүйей аласыз" деді.

Кездесу барысында екі тарап БҰҰ мен Қазақстанның Астананың осы ұйымның Қауіпсіздік кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігі аясында жасайтын әріптестіктерінің пайдалы болатындығына сенім білдірді.

Антониу Гутерриш қарашаның он үші күні БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында дауыс беру арқылы осы ұйымның бас хатшысы болып тағайындалды. Ол 2017 жылдың қаңтар айының бірінен бастап ресми түрде қызметіне кіріседі.