Қазақстанда 14 полиция офицері бір салафиттік топқа мүше болды деген айыппен құрықталды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i18970-Қазақстанда_14_полиция_офицері_бір_салафиттік_топқа_мүше_болды_деген_айыппен_құрықталды
Асқар Сабдин: «Салафиттік ағымның бүлдіргі вирусы осы күнге дейін елдің тәртіп сақшыларының бірқатарын шарпып өтіп, оларды темір тордың ар жағынан бір-ақ шығарды»,-деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 01, 2016 16:16 Asia/Almaty
  • Қазақстанда 14 полиция офицері бір салафиттік топқа мүше болды деген айыппен құрықталды

Асқар Сабдин: «Салафиттік ағымның бүлдіргі вирусы осы күнге дейін елдің тәртіп сақшыларының бірқатарын шарпып өтіп, оларды темір тордың ар жағынан бір-ақ шығарды»,-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Қазақстанның Ақтөбе қаласындағы «Ансар» реабилитациялық орталығының басшысы Асқар Сабдин «Діни экстремистік идеологияның таралуының алдын алу» атты конференцияда сөйлеген сөзінде салафиттік идеологияны кейде тіпті елдің тәртіп сақшыларының өзі қарсы тұра алмайтын вирус деп атап:

«Бүгінге дейін 14 тәртіп сақшысы экстремистік ойлардың таралуының алдын алудың орнына олардың ықпалында қалып, ақырында құрықталып, түрмеге қамалды. Салафиттік экстремистік ойларды таратушылар мен Қазақстанның батыс өңірінде әрекет етіп жатқан «Хезб ут-Тахрир» ұйымы алдымен жастарды өздерінің мәдени болмысынан алшақтатып, артынан экстремист күшке айналдырады. Осылайша, экстремистік идеологияның ықпалында қалып, дәстүрлі емес ағымдардың ізбасарларына айналған адамдар қоғам мен отанды сүю деген ұғымдарды маңызды санамайды, өйткені бұл адамдардың исламның принциптері жайлы білімі мен мағлұмат деңгейі өте төмен»,-деді.