Қазақстанда экстремизмнің таралуына қатысты алаңдаушылықтар артуда
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i19267-Қазақстанда_экстремизмнің_таралуына_қатысты_алаңдаушылықтар_артуда
Қазақстан Ішкі істер министрлігінің басшылары діни сауаттылықтың жеткіліксіздігі мен кедейшілікті ел жастарының экстремизмге бет бұруының негізгі себебі деп атады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 06, 2016 17:41 Asia/Almaty
  • Қазақстанда экстремизмнің таралуына қатысты алаңдаушылықтар артуда

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің басшылары діни сауаттылықтың жеткіліксіздігі мен кедейшілікті ел жастарының экстремизмге бет бұруының негізгі себебі деп атады.

Қазақстан ІІМ басшыларының бірі халықтың арасындағы діни сауаттылықтың төмендігі мен кедейшілікті әсіресе жастардың экстремизмге бет бұруының негізгі себебі деп атады. Ол жастардың экстремистік  топтарға кірул себептерінің бірін қоғамдық қиындықтар деп атап: «Экстремистік топтардың мүшелерінің көбін 25-35 жастағы ауыл азаматтары құрайды»,- деді. Оның айтуынша бұл адамдар кедей отбасыларында туып-өсіп, жоғары оқу орындарында білім алмаған және қамауға түскенге дейін тұрақты түрде жұмыс істемеген.

Экстремистік топтардың дамуы туралы шындықтар Орталық Азия республикаларындағы  үкіметтердің көбінің елдерінің мұсылман халқының қоғамдық және күнделікті тұрмыс  мәселелеріне көңіл бөлмейтінін көрсетеді. Шын мәнінде, Орталық Азия басшыларының, соның ішінде Астана үкіметінің экономикалық жағдайға немқұрайдылық танытуы жастардың экстремистік топтарға қосылуының факторы. Бұл елдердегі діни кеңістіктің шектеулі әрі қоғамдық кеңістіктің лас  болуы да жастардың экстремистік, әсіресе уахабшылардың топтарына қосылуына соқтыруда. Бұл мәселе Орталық Азия елдері үшін қауіпсіздік мәселесіне айналды.

Өткен бірнеше жылда Қазақстан басшылары мұндай жағдайдан шығатын жолдарды іздестірді. Ағымдағы үдерісті тоқтату қомақты қаржыны қажет етеді.   Орталық Азияның барлық республикалары бұл үдеріске қарсы тұру үшін бюджеттерінің құрылыс қаржысынан пайдалануда. Негізінде Орталық Азия республикалары  кірістерінің инфрақұрылымдарға арналған бөлімінің басқа салаға жұмсалуы негізгі құрылыс жобаларын кейінгі қалдыруда. Астана үкіметінің басшылары  сонымен  бірге жастардың сауастыздығын Қазақстандағы экстремистік топтардың жақтастары  санының артуының негізгі себебі деп атады.  Астананың үкімет басшыларының айтуынша сауатсыз әрі жұмыссыз адам оңай адасады. Бұл – аймақ пен әлемнің барлық мемлекеттерінің шындығы. Мұның мысалы ретінде Еуропалық елдердегі ДАИШ лаңкестік тобы мен вахабизм ағымының мүшелерін атауға болады. Олардың көбі сауатсыз. Олар өздерін бұл ағымның сауатты адамдарының жақтастары санайды.

Орталық Азия республикаларының арасында Қазақстан ваххабизм ағымы мен ДАИШ лаңкестік тобына тәуелді топтар мен ұйымдарды қолдаушылардың ең көп санына ие. Осыған орай өткен жылдары Қазақстанның абақтылары экстремистік топтардың жақтастарын оқытатын мекенге айналды. Қазақстанның Діни басқармасы бұл үдерістің алдын алу үшін абақтыларда отырғандарды оқыту бағдарламаларын дайындап, әрбір абақты үшін бір діни оқытушы тағайындады. Қазақстанның Діни басқармасының мәліметі бойынша биыл 180-нен астам экстремистті шынайы исламға қайтара алған. 

Айта кететін жайт, Қазақстанда күдіктілерді лаңкестік және экстремистік әрекеттермен айыптау бірінші  рет 2000-шы жылы баяндалды. Олар сол кезде аздап болсын діни мәліметтерге ие болғандықтан халық оларға қарай бет бұрған.

 Орталық Азия респбуликалары мен Кавказда 70 жылдан астам уақыт бойы шешім қабылдаушы коммунистік жүйе болғандықтан бұл елдерде ислам дінінің әлсіз жағдайға жеткендігі шәксіз. Сондықтан хабардар әрі білімді руханияттың жұмыстары Қазақстандағы экстремизмнің дамуына тосқауыл қоя алады.